Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Даун синдромы бар балаға қол көтерген қызметкерге қандай шара қолданды

14 Сәуір 2025, 13:10
624
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  архив
Фото: Артём Чурсинов архив

Түркістан облысында даун синдромы бар баланың соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Осыған байланысты BAQ.KZ ақпарат агенттігі жауапты сала өкілдеріне сұрақ жолдады.

Ең алғаш рет, жантүршігерлік ақпарат жайында "Әділ кәсіподақ" ұйымы жария еткен. Олар көрсеткен ақпаратта зәбір көрген бала 13 жаста екені айтылған. Оқиға Сарыағаш қаласындағы "Ақылды бала" коррекциялық орталығында болған. Өзінің соққыға жығылғаны туралы бала анасына өзі айтқан.

Бұл мәселеге байланысты Түркістан облысы білім басқармасы ресми мәлімет беріп, қазіргі таңда зәбір көрсеткен қызметкердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр, – дейді Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.

Өзгелердің жаңалығы