«Астаналық» теннис клубы Қазақстан теннис федерациясының және Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК теннис орталығының қолдауымен 22-24 қазан аралығында Қазақстан Республикасы күніне арналған әуесқойлар арасында теннистен Ашық турнир өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Турнирдің мақсаты – теннисті кеңінен насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігі мен бәсекелестік тәжірибесін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді «Дәулет» теннис орталығының басшысы Темиргалиева Дина.
Турнир Қордай көшесі 6 мекенжайындағы «Дәулет» теннис орталығының HARD жабынды 8 жабық кортында өтеді. Елордалық әуесқойлар ғана емес, еліміздің әр өңірінен келген теннисшілер де тіркелген.
Мұндай іс-шаралар теннисті, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортпен айналысу деңгейін көтеруге септігін тигізеді, еліміздің барлық айтулы оқиғалары мен мерекелерінде турнирлерді қолдап, ұйымдастырған «Астаналық» теннис клубы мен Теннис федерациясына алғыс айтамыз, - деп түйіндеді сөзін Темиргалиева. Дина.