Дәстүрлі қазақ өнері бойынша онлайн ресурс құрылу үстінде

25 Қыркүйек 2022, 18:31
1709
Бөлісу:
Дәстүрлі қазақ өнері бойынша онлайн ресурс құрылу үстінде

Қазақстанда қолданбалы өнердің онлайн-базасы құрылу үстінде деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның қолөнершілер одағы қазақ халқының ою-өрнектерін зерттеу және жинау жөніндегі жоба іске асырылып жатқанын айтты. Ұйымдастырушылардың алдында дәстүрлі қазақ өнері бойынша онлайн ресурс құру міндеті тұр, ол дәстүрлі дизайн және қолданбалы өнердің дәстүрлі техникасы бойынша ақпаратпен үнемі толықтырылып отырады.

Ою-өрнектер бізді барлық жерде қоршап тұр, тек айналамызға қарау керек. Ал оларды зерттеу - өте қызықты іс. Біз зерттеуді Ә.Марғұлан атындағы орталықтан бастағанымыз бекер емес. Өйткені ою-өрнек бойынша алғашқы білімімізді Марғұланның үш томдығы бойынша алдық, - дейді Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы, белгілі дизайнер, киіз басу бойынша суретші, Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің құрметті мүшесі және кеңесшісі Айжан Бекқұлова.

Informburo.kz мәліметінше, жобаға қатысушылар жыл бойы өңірлер бойынша экспедициялар, Қазақстан мұражайларында зерттеулер жүргізіп, қолөнершілердің шеберханаларына барады.

Өзгелердің жаңалығы