Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дастан Сәтпаев "Челси" ойыншысы атанды

Әсел ӘБІЛБЕК
10 Ақпан 2025, 16:15
1305
Бөлісу:
 ҚФФ
Фото: ҚФФ

Алматылық "Қайрат" пен лондондық "Челси" 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дастан Сәтпаев 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол сол уақытқа дейін "Қайрат" сапында өнер көрсетеді.

Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында "Қайрат" Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өткен футболшы.

Өзгелердің жаңалығы