Дарынды жастарға 2 млн теңгеге дейін грант беріледі

Бүгiн, 16:43
168
Бөлісу:
Дарынды жастарға 2 млн теңгеге дейін грант беріледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Елордада «El Umiti» премиясының финалы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«El Umiti» қоры» 2019 жылдан бастап елімізде дарынды қазақстандық жастарды қолдау және білім беруді дамытуға арналған 20-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жобаларда миллионнан астам қазақстандық жастар, оның ішінде ауыл мектептерінің оқушылары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қамтылған.

Қор талантты жастардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатында «El Umiti» премиясын өткізіп келеді.

29 тамыз күні елордадағы Ұлттық музейдің ғылыми кітапханасында «El Umiti» премиясының финалы және марапаттау рәсімі өтеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 14 жастан 17 жасқа дейінгі үздік оқушылар мен студенттер, бірнеше ай дайындаған әлеуметтік жобаларын қорғап, бақ сынайды.

«El Umiti» премиясы жастардың болашақта кәсіп табуына, түрлі салаларда өздерін жүйелі түрде дамытуға, айналасына қамқор болуға және мақсат-мұраттарына жетуге жәрдемдесуге бағытталған.

Сайыс бір жылға жуық уақытты қамтитын II кезеңнен тұрды. I кезең - «Өзін-өзі жетілдіру». Бұнда қатысушылар 7 бағыт бойынша түрлі оқу курстары мен байқауларға қатысып, жетістіктерін сайтқа жүктеді.

II кезеңге өткендер әлеуметтік тақырыпта жоба әзірледі. Жеңімпаздарға 500 000-нан 2 000 000 теңгеге дейінгі білім гранттары беріледі. Бұдан бөлек, жоба барысында белсенділік танытқан қатысушылар «El Umiti-2024» жазғы оқыту лагеріне тегін жолдама алды.

Өзгелердің жаңалығы