Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, М.С. Әшімбаевті Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын, - делінген хабарламада.