Дархан Калетаев өз орнын Нұрлан Смағұловқа босатып берді

14 Қазан 2019, 10:47
2338
Бөлісу:
Дархан Калетаев өз орнын Нұрлан Смағұловқа босатып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Велоспорт федерациясының басшысы ауысты.

Осыған дейін бұл ұйымды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Калетаев атқарып келген. Енді алдағы 4 жылда бұл федерацияны бизнесмен Нұрлан Смағұлов басқарады.

Елордада Велоспорт федерациясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған федерацияның барлық мүшесі қатысып, жаңа президентке бірауыздан дауыс берді.

Нұрлан Смағұлов Forbes Kazakhstan тізімінде еліміздегі 50 бай азаматтың арасында оныншы орында тұр.

Нұрлан Смағұлов - «Астана Моторм» компаниясы, MEGA сауда орталығы желісі мен Алматы қонақ үйі бар «Astana Group» тобының жалғыз иесі.  Кәсіпкер - Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, «Атамекен» ұлттық палатасы төралқасының мүшесі.
Өзгелердің жаңалығы