Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада "Омыртқа және буын туралы" семинар өтуде. Кинезитерапия - емдік дене шынықтыру жөніндегі жетекші маман Михаил Бубновский семинарға қатысушыларды ағзаның өз күштерін дәрі-дәрмексіз, инъекциясыз және отасыз пайдалануға негізделген емдеу жүйесімен таныстырды.
"Бұл семинарды доктор Бубновский орталығы және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырып отыр. Шараға Астана қаласының тұрғындары, медицина ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың невропатолог, реабилитолог, терапевт дәрігерлері қатысуда", - дейді
Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Зарина Керуенова.
ТМД елдері мен алыс шетелдерде өзін көрсете білген әдістемені оның әкесі, Ресей хирургы, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ағзаны сауықтыру жөніндегі көптеген кітаптардың авторы Сергей Бубновский әзірлеген.
"Доктор Бубновский орталығы Қазақстанның 23-тен астам қаласында бар. Астанада 18 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан 5 орталық бар. Алғаш орталық 2001 жылы ашылған. Әр орталыққа ай сайын 200-ден астам адам барады. Астана қаласында 35 000-нан астам адам осы орталықта емделген", - дейді Астана қаласындағы доктор Бубновский орталығының бас дәрігері Равиль Шерханов.