Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
Қазір елде эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуі мен вирустың өршуіне байланысты дәрігерлер мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің еңбек жүктемесінің артқанын қаншалықты ескеріп отыр?
Бұл мәселенің басын ашып алайық, пандемия басталғалы бері онымен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге үстемақы төленді, төленіп те келеді. Инфекциялық стационарда және алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлері, күнделікті жеке қорғаныш құралдарын киетін қызметкерлер үстемақы алып жүр, ала береді де. Сонымен қатар, мұндай қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан әріптестерімізді вакцинациялау қолға алынды. Ол өзінің тиімділігін де көрсетуде, - деді Алексей Цой.
Бұған дейін министрлік өкілі «Коронавируспен ауырғандар вакцинаның бірінші компонентін ғана алса бола ма?» деген сұраққа жауап берген болатын.