Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастардың құқықтарының бұзылуын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар прокуратурасы медициналық ұйымдарда онкологиялық науқастарды мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер алу үшін міндетті рәсім болып табылатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегенін анықтады.
Жекелеген медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан ауыр халдегі пациенттер іс жүзінде заңмен көзделген әлеуметтік қолдау шараларынан айырылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 95 пациент МӘС-ке жіберілді, олардың 38-і мүгедектік дәрежесін алды, 57-сі сараптамадан өтуде, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратура ұсынуын қарау нәтижелері бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.