Дәрігерлер үш жасар қыздың бассүйегінен 15 сантиметрлік пышақ алып шықты

Қытайда дәрігерлер үш жасар қыздың бассүйегінен 15 сантиметрлік пышақты алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 istockphoto.com 24 Тамыз 2025 2025, 13:54
24 Тамыз 2025 2025, 13:54
10404
Фото: istockphoto.com

Қытайда дәрігерлер үш жасар қыздың бассүйегінен 15 сантиметрлік пышақты алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

South China Morning Post басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында болған. Анасы төсек жаймасын ауыстырып жатқан сәтте, қасында жатқан жеміс кесетін пышақ ұшып кетіп, қыздың басына қадалған.

15 сантиметрлік пышақтың жүзі қыздың бассүйегіне, оң құлағының үстінен еніп кеткен. Анасы пышақты өзі суырып алмақ болғанымен, қолынан келмеген. Ол жедел жәрдем шақырмай, қызын жаяу ертіп ауруханаға апарған. Дәрігерлер пышақты сәтті алып шықты, – делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың аман қалуына бассүйегінің сүйектері әлі жұмсақ болғаны себеп. Егер анасы пышақты өз бетімен шығарып алған жағдайда, қауіп өте жоғары болар еді.

Қытай полициясы бұл оқиғада қасақана жасалған әрекет жоқ екенін растап, оны жазатайым жағдай деп таныды.

Наверх