Дәрігерлер тамағына темір кіріп кеткен баланы аман алып қалды

6 Тамыз 2024, 12:03
1228
Бөлісу:
Дәрігерлер тамағына темір кіріп кеткен баланы аман алып қалды
Фото: -архив

Дәрігерлер найзаның ұшы секілді металды алып тастау үшін 1,5 сағат ота жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

9 жастағы бала велосипедпен кетіп бара жатып, үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, тамағына темір кіріп кеткен.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала жедел жәрдем бригадасымен балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізілді.

Балаға аралас жарақат деген диагноз қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақатын алған. Төменгі жақтың артқы кортикальды пластинкасының оң жақ бұрыш аймағы сынған, - дейді дерігерлер.

Дәрігерлер тамағына темір кіріп кеткен баланы аман алып қалды
видеодан скриншот

Орталыққа түскенде баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат - металл қоршау бөлігі шығып тұрды. 

Жарақат салдарынан баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған, - дейді орталықтың жақ-бет хирургі Аида Оразаева.

Хирургтар ағзаның жұмысын қалыпқа келтіру және өмір сапасын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін істеді.

Ауыз және жақ-бет хирургиясы (ЖБХ) қызметі жақ сынуы, бет деформациясы, ісік және мамандандырылған араласуды қажет ететін басқа да жағдайлар сияқты әр түрлі проблемалар үшін қажет болуы мүмкін. Бұл балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін үлкен маңызы бар жақ-бет ақаулары кезінде оларға тез әрі сапалы ем беруге мүмкіндік береді, - дейді Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.

Өзгелердің жаңалығы