Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Айдың басында Талдықорған қаласының іргесіндегі су қоймасына екі жасар қыз батып кетеді. Бұл оқиға туралы блогер Александр Цой өзінің парақшасында жазды.
2 мамырда жан түршігерлік жағдайды бастан өткердік. Бақытымызға орай, қазір бәрі артта қалды. Қазір біз бұл туралы өткен шақта айтып отырмыз. Бұл аспан астындағы достарымыз және балаларымызбен қарапайым демалыс болатын. Бәрі жақсы өтіп жатыр еді, кенет қызымыздан көз жазып қалдым. Әрі қарай есімде ештеңе жоқ. Айқай, шу, су, жедел жәрдем, менің кішкентай қызым суға батып кетті, - деді оның анасы Әйгерім Төлегенова.
Бүлдіршіннің анасы сын мен орынсыз пікір айтпауға шақырды.
Біз ешкімнің мұндай жағдайға тап болғанын қаламаймыз. Менің сөздерім жақсылық пен мейірімділік туралы болмақ. Облыстық балалар реанимациясының ұжымына: дәрігерлерге, медбикелерге, тәртіп сақшыларына үлкен алғысымызды білдіреміз. Облыстық балалар ауруханасының директоры Арман Серікпайұлына өз ісіне кәсіби көзқарасы үшін ерекше алғыс айтамыз. Сондай-ақ реаниматолог дәрігерлер Бек Бегімбетов пен Елена Юрьевна Тихоноваға ерекше алғысымызды білдіреміз, - деді Төлегенова.
Қыздың анасы айтқандай, дәрігерлердің қолымен Алла оларға құшақтау мүмкіндігін қайтарып, оған екінші өмір сыйлады.
Қызымыз екі күннен астам ауыр халде, комада жатты. Тағы алты күн бойы біздің құтқарушылар қызымыздың өмірі үшін күресті. Дәрігерлердің үйлесімді, сауатты жұмысының арқасында қызымыз ес-түссіз күйден шығып, бірте-бірте жақсара бастады. Сол күні шақыртуға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен фельдшер Алмабек Батқалбековке де алғыс айтқымыз келеді. Өз ісінің мамандары бізге қызымызды қайтарып берді, - деді ол.