Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте үш айлық нәресте түйреуіш жұтып қойған. Қалалық балалар ауруханасының хирургтері шақалақтың тыныс алу жолындағы бөгде затты, ота жасап, алып шықты. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.
Дәрігерлердің дерегінше, шақалақтың аузына түйреуішті 2,5 жастағы ағасы салып жіберіпті.
Ұзындығы 2 сантимер болатын түйреуішті, анасы қызының мұрнын тазалауға қойған. Кенеттен кішкентайы қақалып шашала бастағасын бірден түсініп, жедел ауруханаға жеткізіпті.
Дәрігерлер үш айлық нәрестеге ота жасап, кейін үйіне босатыпты. Қалалық балалар ауруханасында, ағзасынан бөгде зат алынғандардың арасында, нәресте ең кішкентай пациенттері болып отыр. Ота тіліксіз жасалған. Операция бас аяғы 20 минутқа созылғанмен шақалақ үшін едәуір күрделі саналады.
Операция кезде бізге өте жылдам қозғалуға тура келді. Себебі баланың салмағы өте аз және тыныс алу жолдарының кішкентайлығына байланысты операция кезде шұғыл қимылдап, шұғыл бөгде затты алып тастамаса баланың тыныс алуы нашарлайды. Бала былайша айтқанда тыныс алмай қалатын болды. Сондықтан жедел қимылдап, уақытысында тездетіп алып тастадық.Барлығы сәтті аяқталды, - деді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургі Әкім Түлкібаев.