Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық дәрігерлер COVID-19 кезінде пайда болатын жөтелді қалай анықтау керектігін айтты. Мамандардың сөзінше, қауіпті індетті жұқтырғандардың 68%-ы құрғақ жөтелге шағымданған деп хабарлайды Lenta.ru.
Нақтырақ айтатын болсақ, бұл – COVID-19-дың ең таралған симптомдарының бірі. Дәрігерлер «ковидтік» жөтел көбінесе қақырықсыз, өкпеден шығатын жөтел деп отыр.
Сонымен қатар дәрігерлер құрғақ жөтел әрқашан коронавирустың белгілері болмауы мүмкіндігін алға тартты. Құрғақ жөтелге аллергия, демікпе және басқа да аурулар себеп болуы мүмкін деп отыр. Сарапшылар бір симптомға сүйеніп коронавирусты суық тиюден ажырату өте қиын дейді. Сол себепті денсаулығыңыз мазалаған жағдайды ауруды асқындырмай, бірден маман көмегіне жүгінуге кеңес береді.