Дәрігерлер алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік-класс өткізді

29 Желтоқсан 2020, 20:40
1228
Бөлісу:
Дәрігерлер алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік-класс өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік-класс өткізді. 

Атап айтқанда стандартқа сәйкес алғашқы көмек көрсету алгоритмдері бойынша әртүрлі шұғыл жағдайларда зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету пысықталды.

Жарақат алу өзекті әлеуметтік мәселе. Оның өзектілігі халық арасында жарақаттардың өсуімен ғана емес, өлім-жітім санының артуымен, сондай-ақ алған жарақаттардың (соның ішінде балалар арасында) салдарынан халықтың мүгедектігімен байланысты. Қыста жарақат алуы мүмкін орындардың бірі-қоғамдық мұз немесе қарлы сырғанақтар. Шеберлік-класс Президенттік саябақ аумағында қоғамдық мұз төбешігінде өтті.

Шеберлік-класс аясында жарақат алу кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының нұсқаушы-дәрігері және Оқыту-тренингтік орталығының басшысы Болат Тайбеков және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының нұсқаушы-фельдшері Айдар Колхозов үйреткен.

Шеберлік-класс барысында жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі алған білімдері мен дағдыларының болуы зардап шегушінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жарақаттану кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі шұғыл көмекті уақтылы және сауатты көрсетуге мүмкіндік береді. Уақытылы және дұрыс көрсетілген алғашқы көмек кейінгі емнің тиімділігін, оңалтудың сәттілігін анықтайды және көбінесе зардап шегушінің өмірін құтқаруда шешуші фактор болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы