Дәрігерлер ақыл-ес кемістігінің ерте белгілерін атады

28 Қараша 2021, 18:00
2569
Бөлісу:
Дәрігерлер ақыл-ес кемістігінің ерте белгілерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер альцгеймер ауруының ерте симптомдарын атады. Оның ең алғашқы белгілерінің бірі – көру қабілетінің нашарларуы мен нысандарды танудың қиындығы де жазады Lenta.ru.

Олардың айтуынша, ақыл-ес кемістігінің тағы бір белгісі – афазия, яғни сөйлесіп отырғанда дұрыс сөзді тауып қолдана алмай қалатын күй көрінеді.

Тұлға мен оның мінез-құлқының өзгеруін Альцгеймер ауруының ерте симптомдарына жатқызуға болады деп отыр. Алайда оны байқау өте қиын. Көп жағдайда ондай адамдар көңіл күйлері болмай, ашуланшақ келеді, сондай-ақ өз-өздеріне сенімсіздік пайда болып, бұрын жақсы көрген істеріне қызығушылық жоғалады.

Дәрігерлер деменцияның ерте орын алуына себеп ретінде өмір сүру салты мен генетикалық факторларды алға тартты. Шылым шегу, көп мөлшерде алкогольдік сусындар ішу, аз қозғалысты өмір салты, дұрыс тамақтанбау, холестериннің жоғары мөлшерін ақыл-естен алжастыратын факторлардың пайда болуының себебі деп отыр. Деменцияның тағы басқа симптомдарына есте сақтау қабілетінің нашарлауы, жуырда орын алған оқиғаларды ұмытып қалу, назардың төмендеуі жатады.

Өзгелердің жаңалығы