Елімізде дәрігер қабылдауына жазылу жеңілдейді. BAQ.KZ тілшісі осы мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады.
Ресми хатта "Мемлекеттік немесе жекеменшік емханалар болсын жұмысына халықтың көңілі толмайды. Кезек, жолдама күту, дәрігерге жазылу мәселесі ушығып тұр. Аталған мәселені шешу үшін нақты қандай қадамдар жасалды?" деген сауал қойылды.
Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында МСАК-ты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Министрлік пациенттердің шағымдары мен өтініштеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді, бұл бейінді мамандарға қабылдауға жазылумен, қабылдаулар мен зерттеулерді күту ұзақтығымен, емдеуге жатқызу алдында зертханалық-диагностикалық талдауларды артық тағайындаумен байланысты медициналық көмек алудағы кедергілерді анықтауға мүмкіндік берді, - делінген ведомствоның жауабында.
Осы проблемаларды шешу үшін МСАК ұйымдарында медициналық көмек көрсетудің нормативтік құқықтық актілері мен бизнес-процестерін қайта қарау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді:
- маршрут оңтайландырылды және пациенттер ағыны бөлінді;
- дербес мейіргерлік тәжірибелер енгізілді;
- дәрігерді қабылдау уақыты 5-тен 8 сағатқа дейін ұзартылды (кестені қайта қарау есебінен);
- жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмысының жаңа алгоритмі әзірленді;
- жоспарланған қабылдаулар енгізілді;
- созылмалы аурулары бар адамдар үшін тексерулердің тізбесі, еселігі және көлемі қайта қаралды;
- жалпы практика дәрігеріне дербес жазудың қолжетімділігі 3,5 есе (20%-дан 72,5%-ға дейін) және бейінді мамандарға 16 есе (4%-дан 66,1%-ға дейін) ұлғайтылды;
- тексеру нәтижелерінің жарамдылық мерзімін ұлғайта отырып (10 күннен 12 күнге дейін, 1 айдан 3 айға дейін) жоспарлы емдеуге жатқызу алдында пациенттерге қажетті тексерулер тізбесі оңтайландырылды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде:
- созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаумен қамту 15-ке ұлғайды%;
- халықтың нысаналы тобын онкоскринингтермен (2,8 млн.адам) (2,4 млн. адам) қамту 16% - ға өсті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда туберкулезді емдеу уақыты қысқарғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ қай өңірдің тұрғындары туберкулезді жиі жұқтыратыны белгілі болды.