Бұл туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопист дәрігері Мәжит Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, кофе ішу зиян емес. Тек мөлшерден артық ішпесеңіз болғаны.
Табиғи, дұрыс өндірілген кофе болса, бауырға пайдалы. Жалпы кофе гепатопротектор болып есептеледі. Бұл дегеніміз – бауыр жасушаларының бұзылуына тосқауыл ретінде қызмет етеді деген сөз. Бірақ асқазаныңызда проблема болса, кофе ішу қарсы көрсеткіш болып саналады. Күніне 1-2 шыныаяқ таза кофе ішкеннің еш зияны жоқ, - деп түсіндірді дәрігер.
Алайда кофе ішкен соң міндетті түрде су ішуді ұмытпаған абзал.
Дегенмен, шектен тыс қолданбаған дұрыс. Остеопорозы бар немесе оның даму қаупі жоғары, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйесі ауыратын, қан қысымы жоғары немесе гипертониясы бар, бүйрегі ауыратын жандарға кофе ішпеуге кеңес беремін, - деді Мәжит Әбдіқадыров.