Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дәрігер дабылы: Асқазанға абайлап қараған жөн

30 Маусым 2025, 23:17
938
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Халық арасында көпшілік язва деп танитын ауру түрі – асқазан жарасы. Терапевт-профпатолог дәрігер Гүлназ Бақытжанқызы дабыл қағатын диагноз деді. Бүгінде кез келген адамда асқазан қыжылы, асқазан жарасының бастапқы этапы көрініс беретіндігін айтты. Дәрігер BAQ.KZ тілшісіне бұл атүсті қарайтын ауру емес, халық соны ұғыну керектігін еске салды.

– Гүлназ Бақытжанқызы, қазір екінің бірінде бар язва бар. Тіпті бұл жас балаларда да кездесіп қалып жатыр. Негізгі себеп не?

– Асқазан жарасы дегеніміз – бұл ішкі ағзаның қабырғасында ақау, ойық жара пайда болатын созылмалы ауру түрі. Асқазандағы ойық жара – әдетте инфекция, механикалық, химиялық немесе радиациялық зақымдану нәтижесінде, сондай-ақ қанмен қамтамасыз етудің немесе ішкі ағзаның бұзылуы нәтижесінде пайда болатын терінің немесе шырышты қабаттың эпителийінің және (эрозиядан айырмашылығы) базальды қабықтың терең қабынған ақауы деген анықтама беріледі. Жарадан айырмашылығы бар. Міне, бұл медициналық анықтамасы аурудың.

Ал енді, қазақшалап айтсақ, "ауру – астан" деп атамыз қазақ айтқан. Түсініп тұрсыз ба, ауызға әрнәрсені салудың соңы үнемі пайдалы немесе тиімді бола бермейді. Қазір барлық дерттің негізгі дереккөзі – дұрыс тамақтанбау болып келеді. Бұл да солай.

Сізде жара бар-жоғын қалай білуге ​​болады?

Егер сізде аурудың белгілері байқалса, дәрігерге бару керек. Оны қалай анықтаймыз?

Аурудың негізгі белгілері, негізгі симптом - эпигастрий аймағындағы ауырсыну. Ойық жара асқазанда болса, ауырсыну әдетте тамақтанғаннан кейін пайда болады, ал он екі елі ішекте локализацияланған болса, аш қарынға ауру сезіледі. Басқа белгілерін айтатын болсам, жиі қышқыл кекіру немесе ішкі ағзалардағы ашу, салмақ жоғалту, құсу және тамақтанғаннан кейін жүрек айнып, жалпы қолайсыздық сезінуі мүмкін.

Ойық жара ауруын емдеу диетаны және асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін және шырышты қабықты қорғайтын дәрілерді қабылдауды қамтиды. Кейбір жағдайларда операция жасалады.

Асқазандағы жараның себептері көп. Негізгісі – асқазан мен он екі елі ішекте Helicobacter pylori болуы, ол ойық жараның пайда болуының негізгі этиологиялық факторы болып саналады.

Диетадағы теңгерімсіздік, яғни дұрыс, уақытылы, жүйелі тамақтанбау;

Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну және темекіні жиі шегу;

Сонымен қатар, асқазанның шырышты қабығына әсер ететін дәрілік препараттарды ұзақ уақыт немесе жүйесіз қолдану;

Эмоционалды бұзылыс, стресс алу;

Генетикалық бейімділік;

Метаболикалық бұзылулар – аурудың пайда болуына және жедел ұлғаюына әсер ететін факторлар.

Ауру "жасарып" кетті

Иә, расында барлық ауру түрлері секілді асқазан дерті де "жасарды". Аурудың ең көп таралған жоғары деңгейі 30-45 жас арпалығында өршіп тұр. Негізінен 35-50 жас аралығындағы ер адамдарда асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы 3-4 есе жиі кездеседі.

Біздің қателік – балаға бала деп қарамау

Ертеректе қариялар немесе орта жастан асқандарда жиі кездессе, бүгінде әрбір бестен үш бала мен жасөспірім жүгінеді дәрігерге. Бұның түбінде фаст-фуд тамақтары жатқанын жақсы түсінеміз. Асқазандағы жара ас қорыту жүйесінің бұзылысы. Ал балаларда кездесуі қалыпты құбылыс емес. Бүгінде бәріміз жылдам әзірленетін тағамдарды тұтынамыз. Бұл, әрине, сухой поек. Сумен ішеміз ғой, дегемен асқазан үшін, ас қорыту жолдары үшін құрғақ тағам түрі. Сонымен қатар, жегенге жылдам болғанмен, қорытылғанға жеңіл болмайтын тағам түрлері екенін үнемі есте сақтау керек. Сонымен қатар, ата-ана балаға бала тамағын емес, өзі не ішіп-жейді – соны береді. Сіздер білесіздер ме, сәбидің асқазаны сондай нәзік болады. Оған ересек адам ішетін кола, пепси емес, артық мөлшердегі бір бөгде су да зардап келтіреді. Ал күнделікті қарапайым отбасы тұтынатын майлы, ыстық тағам түрлерін айтпай-ақ қояйын. Барлық ішіп-жейтін тамақ қазір экологиялық тұрғыдан қауіпсіз емес. Сондықтан әрбір ата-ана бала асқазанына байыппен қарауы керек.

Язва өмірдің соңы емес демеңіздер: ем кеш болуы мүмкін

Бізде жалпы халық ауруға атүсті қарайды. Анауу шегіне жетіп үзілер шаққа жеткенше, жаны қиналғанша жүре береді. Ал дәрігер кеңесіне, көмегіне ерте барған жандарға, әрине, ем қонады. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу бірден жазылып кете салмайды. Ол дәрігердің дұрыс ем тағайындауымен, аурудың күрделі немесе жеңілдігіне байланысты бірнеше аптаға, айға тіптен жылға созылатын ем-шара. Бұл кезде пациенттің ұқыптылығы, шыдамы, сабыры сыналады және емделу үшін ерінбеу керектігін ескертемін.

Дерт дендемесін десеңіз...

Созылмалы язваның негізгі емі – салауатты өмір салтын және дұрыс теңдестірілген жүйелі диетаны сақтаудан тұрады.

Салауатты өмір салты мен дұрыс теңдестірілген тамақтану компоненттеріне не жатады?

Алкогольді және газдылығы жоғары сусындарды қабылдаудан түбегейлі бас тарту, тіптен болмаса нәтижеге жеткенше уақытша бас тарту;

Егер адамның дене бітімі толық, семіздік жағдайында болса, салмақ тастауға әрекет етуі керек және де спорттық іс-шарадан, физикалық қозғалыстарды абайлап атқарған жөн;

Темекі шегуден мейлінше бас тартқан абзал;

Көп мөлшерде (тыңқия тойып алмау керек) және кешкі уақытта, жатар орынға тамақтануды түбегейлі доғару керек;

Сонымен қатар, ем алу кезінде эмоционалды көңіл күйдің бұзылыстарынан мейлінше аулақ болған дұрыс деп санаймын.

Сондай-ақ пациент өз бетінше ем қабылдамау керек, халық емі дегеннің өзін маманмен кеңесе отырып қабылдаған дұрыс.

Айта кетейін, егер де асқазан жарасын дәрілік емес емдеудің мұндай әдістері жеңілдік әкелмесе, дәрі-дәрмектер қолдануға тура келеді.

Сондықтан әрбір адам аурудың ауыр зардабымен күреспеу үшін алдын алған абзалырақ.

Өзгелердің жаңалығы