Дәрігер: Атеросклероз – үнсіз өлтіруші

14 Маусым 2022, 16:06
1638
Бөлісу:
Дәрігер: Атеросклероз – үнсіз өлтіруші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада атеросклероз бен кардиология саласы мамандарының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапевті Раушан Қарабаева мәлімдеді.  

Атеросклерозды «үнсіз өлтіруші» деп бекер айтпайды. Ол емделуге болатын алғашқы даму кезеңдерінде байқалмайды. Сондықтан біз халықты ақпараттандырудың маңыздылығын ескерткіміз келеді. Адамдардың скринингке келіп, қандағы холестерин деңгейін тексертуі өте маңызды. Холестерин, дәлірек айтқанда, оның «жаман» фракциясы – атеросклероздың негізгі қауіп факторы. Барлығымыз оның деңгейін біліп, оны әрбір 2 жыл сайын тексеріп тұруымыз керек. Ал қауіп факторлары барлар одан да жиі тексерілгені жөн, - деп атап өтті дәрігер. 

Айтуынша, қазіргі таңда дерт жастар арасында да көп кездеседі. 

Атеросклероздың негізгі көріністері – инфаркт пен инсульт жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлімнің 85%-дан астамына себеп болады. Одан да қорқыныштысы – атеросклероз жас кезден бастап дами бастайды. Тірі қалған күннің өзінде көптеген науқастар мүгедек болып қалады немесе тіпті қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Атеросклероз елге, халыққа және әлеуметтік мәртебеге қарамайды, - деді Раушан Қарабаева. 

Өзгелердің жаңалығы