Дәрігер адамның бет-әлпетіне қарап анықтауға болатын 5 түрлі дертті атады

26 Наурыз 2021, 16:04
6923
Бөлісу:
Дәрігер адамның бет-әлпетіне қарап анықтауға болатын 5 түрлі дертті атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер кейбір ауруды адамның бетіне үңіліп-ақ анықтауға болады дейді.

«Вечерняя Москваның» хабарлауынша, соның бірі - акромегалия. Негізінен акромегалия дерті «гигантизм» атауымен көбірек танымал. 

Дәрігер адамның бет-әлпетіне қарап анықтауға болатын 5 түрлі дертті атады

Терапевт-дәрігер, иммунолог Ирина Ярцеваның айтуынша, акромегалия – эндокриндік ауытқу. Бұл дертке шалдыққан адамның ағзасында өсу гормоны шектен тыс бөлінеді. Салдарынан науқастың құлақтары мен жақсүйегі үлкейе бастайды, көбінесе ауру бассүйектің бет жақ бөлігін зақымдайды.

Дәрігер адамның бет-әлпетіне қарап анықтауға болатын 5 түрлі дертті атады

Мамандар қалқанша безінде ақауы бар адамдарды да түрінен анықтауға болады дейді. Сырқаттың соңғы сатысына тән белгілердің бірі - көздердің бадырайып, шарасынан шығып тұруы. Ал маңдайдың жиі терлеуі аурудың енді басталып жатқанын білдіруі мүмкін.

Дәрігер адамның бет-әлпетіне қарап анықтауға болатын 5 түрлі дертті атады

Сондай-ақ бет терісінің сарғайып кетуі бауыр немесе өттің сырқаттанғанын айғақтайды. Бұдан бөлек бет терісі түсінің өзгеруі вирустық және онкологиялық ауруларға шалдыққанның белгісі болуы да мүмкін.

Дәрігер адамның бет-әлпетіне қарап анықтауға болатын 5 түрлі дертті атады

Жүрек-қантамыр жүйесіндегі дертті де адамның бетіне қарап анықтауға болады. Мамандардың сөзінше, егер адамның мұрын-ерін орналасқан үшбұрышы көгеретін болса, ағзаның жүрек жеткіліксіздігіне ұшырағанын байқатады. Бұл, әсіресе, адам жылаған кезде қатты білінеді екен.


Өзгелердің жаңалығы