Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды

Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 facebook.com/Bezhigi 9 Қазан 2024 2024, 15:32
9 Қазан 2024 2024, 15:32
1591
Фото: facebook.com/Bezhigi

Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Суыт хабарды оқырманға композитор Бекжігіт Сердәлі естіртті.

"Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз", – деп жазды ол.

Наверх