Дариға Назарбаева халыққа үндеу жасады

17 Наурыз 2020, 12:56
2148
Бөлісу:
Дариға Назарбаева халыққа үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат спикері Дариға Назарбаева елдегі төтенше жағдайдың белгіленуіне байланысты үндеу жариялады.

Еліміздің президентінің енгізген төтенше жағдай - уақтылы және қажетті шара.Біздің ортақ мақсатымыз – коронавирус инфекциясының таралуымен күресу, оның Қазақстан экономикасына және адамдардың өміріне теріс ықпал етуінің алдын алу. Барлық мемлекеттік қызметтер, әкімдіктер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықты барлық қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жұмылдырылған,- дейді Дариға Назарбаева.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне барынша көмек пен қолдау көрсету қажет – олар осы аурумен күрестің алдыңғы қатарында, адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Біз құқық қорғау органдарының әрекеттеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне  байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауымыз керек. Мемлекеттік органдардың міндеті – пандемия және онымен күресу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттың барынша ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету. Үрейлі көңіл күй, қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек. Дүрліктірушілер мен арандатушылар – короновирустың өзі сияқты  біздің дұшпанымыз, - деді Сенат спикері.
Дариға Нұрсұлтанқызы, пандемиямен күресудегі біздің ортақ жетістігіміз, бірінші кезекте, бүкіл қоғамның, еліміздің барлық азаматтарының, біздердің, қазақстандықтардың жауапкершілік ұстанымына байланысты деп отыр.

Тыныштықты, тәртіпті, гигиенаны сақтау, оқшаулану, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасау - вируспен күресудің басты құралы,- дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы