Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Туған жылы: 1974 жылы 16 сәуір
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж),
Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған.
Эгей унивреситетінде "Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы" деген тақырып бойынша диссертация қорғаған (1998).
Ыстамбұл университетінде "Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" докторлық диссертация қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген (2001 ж.).
Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010 ж).
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қырғызстандағы Ош университетінің құрметті профессоры. Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі. II санатты кеңесші дипломатиялық рангі бар.
2001-2005 ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.
2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.
2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.
2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.
2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде "2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды, және Түркі әлемі", 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени шараларын ұйымдастырды.
2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерізімге тағайындалды.
Ғылыми еңбектері
Мұстафа Шоқай. Анкара, 2001 ж.,
Тараз тарихы. Тараз, 2005 ж.,
Түрік халықтары әдебиеті тарихы, (ұжымдық жинақ) Түркістан, 2005 ж.,
Тарпаңды таңдап міндім тағалап. Тараз, 2005 ж.,
Жүрегіне қаламын сүйеген. Астана, 2007 ж.,
Мұстафа Шоқай, Астана, 2007 ж.,
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Ұлық Түркістан. Астана, 2008.,
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Тұтас Түркістан идеясы. Астана, 2008.,
Ұлық Түркістан, Астана, 2008.,
Атымды адам қойған соң... Астана, 2008 ж.,
Жерұйық. Астана, 2009 ж.
Әлемдік тұлға. Астана, 2010 ж.
Мұстафа. Астана, 2012 ж.
«Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2015 ж.
«Ұлы дала тарихы», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2018 ж.
Марапаттары
Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.).
ҚР Президентінің алғыс хаты (2010 ж.)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл (2011 ж.)
Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).
"Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды (2015 ж.).
Түркі дүниесінің "Қызыл алма" сыйлығының иегері (2015 ж.).
"Жаңа Түркия" Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған "Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет" Алтын медалін алған (2015 ж.).
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).
ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.).
«Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған халықаралық «Жыл адамы» марапатының иегері (2017 ж.)
Венгрияның «Офицерлік крест» орденімен марапатталды (2017).
"Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды (2017).
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017)
Әзербайжанның "Достлуг" орденімен марапатталды (2018).
Түлкібас ауданының құрметті азаматы (2018)
Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медалі (2018)
"Парасат" ордені (2018)