Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгiн, 04:20
157
Бөлісу:
Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан +0.026 секундқа ғана қалып қойған.

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы