Данияр Елеусінов рингке оралуға дайындалып жатыр

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) рингке оралуға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz" target="_blank">Prosports.kz.</a></h4>

 16 Шілде 2020 2020, 19:07
16 Шілде 2020 2020, 19:07
1823

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) рингке оралуға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында Флоридадағы (АҚШ) Delray Beach Boxing Gym залындағы жаттығуларының үзінділерін жариялады.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегінде өткен жылдың 20 желтоқсанында Финиксте (Аризона, АҚШ) бесінші раундта мексикалық американдық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Данияр кезекті кездесуін намибиялық Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы өткізуге тиіс еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жек бірнеше рет кейінге қалды.

Наверх