Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан жартылай орта салмақтағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов промоутерімен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол британдық Эдди Хирнің қол астында өнер көрсетіп келген. Worldboxingnews.net сайтының хабарлауынша, Данияр ірі жекпе-жектер өткізбегені үшін компанияның жұмысына көңілі толмайтынын айтқан.
Аталған компания кәсіби рингте Даниярдан бөлек тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, Елеусінов өткен жылдың соңында намибиялық Джулиус Индигоны жеңіп, IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін иеленді.