Астанада Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған бокс кеші – «Чемпиондар түні» аяқталды, онда Қазақстан чемпиондары шартты әлем құрамасымен жұдырықтасты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Кештің басты додасында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов Оңтүстік Африка елінің өкілі Жабулани Махенсемен кездесті.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен алты раундтық жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін Астанада 2021 жылдың желтоқсанында қазақстандық аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен жекпе-жек өткізіп, IBO нұсқасы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атанды.