Данияр Елеусінов кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді

Бөлісу:
Данияр Елеусінов кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) ұзақ уақыт үзілістен кейін рингке оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасты.

Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді. Бесінші раундтан соң Нойнай Даниярдың соққыларына шыдай алмай жұдырықтасудан бас тартты. Сондай-ақ филиппиндік бірінші және төртінші раундттарда нокдаун алды.

Осылайша, Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды. Ал Джо Нойнай бесінші рет жеңіліске ұшырады.

 

Өзгелердің жаңалығы