Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дания билігі H5N8 құс тұмауының өршуіне байланысты 25 мыңға жуық тауық балапанын жою туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ құс еті мен жұмыртқа экспорты уақытша тоқтатылады, деп жазды Ekstra Bladet.
Данияның ветеринария және тамақ басқармасының хабарлауынша, адамдар арасында құс тұмауын жұқтыру жағдайы әлі анықталған жоқ.
Біз инфекцияның таралуын болдырмау үшін вирус жұқтырған бір топ құсты жоямыз және елдегі бүкіл құс өсірушілерді барлық сақтық шарасын қабылдауға шақырамыз, - деді Данияның ветеринарлық-азық-түлік басқармасының ветеринары Джон Ларсен.
Сондай-ақ ЕО-дан тыс елдерге құс еті мен жұмыртқа экспортын кемінде үш айға тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.
Айта кету керек, Данияда құс тұмауының соңғы жағдайы 2016 жылы тіркелген еді.
Бұған дейін Данияда жануарларда коронавирус анықталғаннан кейін аң фермаларындағы барлық 17 миллион күзенді жою туралы шешім шыққан болатын.