Данияда көмірқышқыл газын сақтайтын алғашқы шекараларық қойма ашылды. Ол Солтүстік теңізінің түбінен 1800 метр тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша бұл ел климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қоспақ. Халықаралық қауымдастық ғаламдық жылынуды бір жарым градуспен шектеуді көздеп отыр. Осы мақсатта көміртегін ауаға шығармай, қоймада сақтау маңызды.
Ғалымдардың айтуынша, ауаға зиян көмірқышқыл газын таратпай, қоймада сақтау климаттың өзгеруіне қарсы күрестің маңызды бір бөлігі. Бұл жоба осы жолдағы қажетті қадам болмақ, - деп хабарлайды Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.