Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тауып, 26 адам зардап шекті

Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқан адамдардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.

 Ақмола облысы ТЖД Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
160
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты, 10-нан астам адамды құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, 7 адам қаза тауып, 26 адам зардап шекті, оның 13-і ауруханада, 6-ауы амбулаториялық бақылауға алынды. Зардап шеккендерге қосымша медициналық бригадалар жұмылдырылды.

Өрт толық сөндірілді, құтқарушылар ғимараттағы қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері анықталуда. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқан адамдардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түсті. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізілуде. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде, - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqmola Tjd (@112aqmola)

Наверх