Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
RRaketkasi телеграм арнасының мәліметінше, Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – бельгиялық Йоран Флигеннің мысын басты.
Бірінші партияда испаниялық-бельгиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.
Есесіне екіншісінде Данилина – Хелиоваара есе қайырды – 6:3.
Супер тай-брейкте қазақстандық-финляндиялық дуэт матчты жеңіспен түйіндеді – 10:8.
Анна Данилина – Харри Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгпен кездеседі.