Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Damy Bala арқылы ақша жымқырған басшы сотталды – Абай облысы

14 Қыркүйек 2025, 00:42
620
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Абай облысында "Damu Bala" платформасы арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

"SAMGAU өнер&спорт мектебі" ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.

Ай сайын жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған. Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бұл бағдарламаға "қатысушы" ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған, - дейді ведомство.

Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген, – дейді агенттік.

Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы