Солтүстік Қазақстан облысында «Дала күні» өтті

15 Тамыз 2019, 17:49
2892
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында «Дала күні» өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданына қарасты Шағалалы ауылында «Cолтүстік Қазақстанда дәл егіншілік технологиясының элементтерін қолдану» тақырыбында Егістік алқабындағы Дала күні өтті.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І.Ақсақалов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Қ.Күрішбаев, «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік стансасының» ЖШС директоры Б.К.Канафин қатысты. Сондай-ақ, аудан әкімдері, ғалымдар, бизнес құрылымдардың басшылары мен өкілдері, ауылшаруашылық тауар өндірушілері болды.

1.JPG

2018 жылдан бастап ҚазАТУ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысымен заманауи сандық технологияларды енгізу бойынша егіншіліктің тиімділігін арттыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысындағы «демонстрационды шаруашылық (полигондар)» принципі бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісі жанындағы дәл егіншілік технологияларын енгізу және трансферттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыруда.

67404015_145095520022819_3615129505286004566_n.jpg

«Ауа райына тәуелді болмауымыз керек. Жаңа технологияларды қолданып, өсіруіміз керек. Мысалы дамыған елдерде, Канадада бидайдың өнімділігі бізге қарағанда 2-2,5 есе жоғары. Өйткені жаңа технологияларды қолданады. Сондықтан біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз»,- деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А. Күрішбаев.

Аталмыш іс-шара осы бағдарлама аясында ұйымдастырылып отыр.

WhatsApp Image 2019-08-15 at 09.49.09.jpeg

Ең алдымен Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік стансасы базасында негізгі және перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарын (жаздық бидай, жаздық арпа, жаздық тритикале, соя және жүгері) өсіру кезінде қолданылған дәл егіншілік технологиясының нәтижелері таныстырылды. Соя тұқымы осы жылы барлығы 20 мың гектар егіс алқабына себілген. Биыл Солтүстік Қазақстандық шаруалар сояның алғашқы өнімін алмақшы.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтың айтуынша, биыл жақсы өнім күтілуде. Ал келесі жылы соя алқабын 150 мың гектарға ұлғайтуды жоспарлап отырған көрнеді.

Жалпы аймақта астық жинау науқанын қыркүйек айының соңында аяқтау көзделіп отыр.

67584013_136395567584486_3640193755859999924_n.jpg

Шараның екінші бөлімі Шағалалы ауылының Мәдениет үйінде өтті. Онда сарапшылар ауыл шаруашылығында ГАЖ технологияларын қолдану және қашықтықтан жерді зондтау мәселелеріне теориялық түрде тоқталып, топырақтың құнарлылығын мақсатты түрде басқару тәсілдері мен дәл егіншілік жүйесіне қатысты дақылдардың өнімділік туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы