Алматы, BAQ.KZ. Швецияның премьер-министрі Стефан Лёвен Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында соғысқан азаматтарын кері қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлады SVT телеарнасы.
«Швеция Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі 2011 жылдан бері азаматтарға бұл елге бармауға шақыруда. Онда барғандар консулдықтың көмегіне жүгіне алмайды», - деді премьер-министр.
Стефан Лёвенның айтуынша, ДАИШ құрамында соғысқандардың бала-шағасына қатысты әзірге ешқандай шешім жоқ.