Дағыстанда нөсер жауыннан кейін 60 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Махачкалада шамамен 20 үйді су басқан.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 17:48
Бүгiн 2026, 17:48
173
Фото: pixabay.com

Аймақтағы күшті нөсер жауын салдарынан Дағыстанды су басып, қатты ағындар көліктерді ағызып әкетіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ең күрделі жағдай Махачкалада тіркелген: онда шамамен 20 үйді су басқан. Қолайсыз ауа райына байланысты электр қуаты өшіп, 60 мыңнан астам адам жарықсыз қалған.

Дербентте жергілікті өзендер арнасынан асып, жолдарды су басқан. Таулы беткейлерде күшті су ағындары көліктерді аударып, ағызып әкеткен.

Хасавюртте табиғат апатының салдарынан теміржол көпірі қираған. Сол сәтте көпір үстінде болмаған пойыз қозғалысын жалғастыра алмай қалған.

Барлық жедел қызметтер күшейтілген режимге көшірілді, коммуналдық қызметтер су тасқынының салдарын жою жұмыстарын бастап кетті.

«Россети Северный Кавказ» компаниясының «Дагэнерго» филиалының баспасөз қызметі Махачкалада нөсер жауыннан үш қосалқы станцияны су басқанын мәлімдеді.

Қолайсыз ауа райының салдарынан Дағыстанның 16 ауданында және Махачкала қаласында электрмен жабдықтау ішінара шектелді, – делінген хабарламада.

Бұған дейін электр беру желілерінде қысқа тұйықталу салдарынан Дағыстанның сегіз ауданындағы 132 елді мекенде жарық өшкені хабарланған болатын.

Наверх