Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 281 дәріхана жұмыс жасайды. "Фармаком Импэкс", "Витайм", "Забота Company LTD", "Биосфера" ЖШС ірі дәріханалық желілер, 100-ден астам дәріхана бар.
Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күнде дәріханалардың дәрілік препараттарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар дәрілік заттарға шекті бағалардың сақталуына моинторинг жүргізіледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мекен жайына халықтан дәрілердің тапшылығына өтініштер түскен жоқ, бірақ дәріханалар менеджерлерінен вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттар тобының дәрілік заттарына үлкен сұраныс туралы ақпарат түсті.
Бүгінгі күнде қызу түсіретін препараттармен проблема жоқ, "Фармаком Импэкс", "Забота Company LTD", "Айболит" желілерінің дәріханаларында парацетамолдың 14 000 қаптамасы бар, облыстың барлық дәріханаларында құрамында парацетамол бар препараттары түрлі дәрілік түрлерінде жеткілікті саны бар. Вирусқа қарсы препараттарға қатысты жағдай неғұрлым проблемалы, дистрибьюторларға жеткізілімдердің болмауына байланысты. "Гроприносин", "Римантадин", "Арпефлю", "Ингавирин" - 2000 астам қаптамасы "Забота Company LTD", "Фармаком Импэкс", "Витайм" дәріханаларында бар.
Арқалық қаласында вирусқа қарсы және бактерияға қарсы дәрілік препараттарының болмау мәселесі болды, бірақ бүгінгі күні бұл мәселе шешілді – "Цветная" ЖШС дәріханасында вирусқа қарсы және бактерияға қарсы препараттардың төмендетілмейтін қорын сақтап отыр.
Мен біздің азаматтарымызды үрейге ұшырамауға, дәрі-дәрмектерді сатып алмауға шақырғым келеді. Бұл - дұрыс емес. Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдау адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алу және оларды емдеу курсына сәйкес қабылдау қажет, - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Сәуле Ержанова.