Дәрігерлер вирусты пневмониямен ауырған жағдайда әлеуметтік төлем алады

24 Шілде 2020, 16:59
1851
Бөлісу:
Дәрігерлер вирусты пневмониямен ауырған жағдайда әлеуметтік төлем алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ҚР Денсаулық сақтау министрімен 2020 жылдың 22 шілдесі күнгі №287 бірлескен бұйрығында айтылған.

Атап айтқанда, Ереженің тақырыбы өзгерді – "COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне, олар аталған инфекцияны немесе вирустық пневмония жұқтырып немесе қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" өзгеріс енгізілді. Яғни, вирустық пневмониядан болатын өлім-жітім жағдайы қосылды.

Ереже СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған жағдайда, сондай-ақ, олардың отбасыларына аталмыш инфекцияны немесе СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар вирустық пневмония жұқтыру салдарынан қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Бұл ретте бір жолғы әлеуметтік төлем шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмония жұқтырған денсаулық сақтау ұйымдарының мынадай қызметкерлеріне жүзеге асырылады:

- СOVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін белгіленген реанимация және басқа стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері;

- провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы, сондай-ақ, дәрігерлер мен санитарлық авиацияның орта медициналық қызметкерлері;

- карантинді стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілері, сондай-ақ, зертханалардың мамандары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері, эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және олардан биологиялық материал алу үшін белгіленген шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қызметкерлері, Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері.

Бір жолғы әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады, яғни:

-жоғарыда көрсетілген адамдарға COVID-19 коронавирустық инфекциясын және вирустық пневмония жұқтырған жағдайда екі миллион теңге мөлшерінде;

-пациент COVID-19 коронавирустық инфекциясын немесе вирусты пневмонияны жұқтыру салдарынан қайтыс болған жағдайда, бұл адамдардың отбасыларына он миллион теңге көлемінде төлем жасалады.
Өзгелердің жаңалығы