Дәрігерлер коронавирустың сипаттамасына үш жаңа симптом қосты

3 Шілде 2020, 08:27
4270
Бөлісу:
Дәрігерлер коронавирустың сипаттамасына үш жаңа симптом қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 симптомдарының санына үш жаңа симптом қосылды: диарея, жүрек айнуы және мұрынның бітелуі. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және профилактикасы бойынша орталығы хабарлады.

Бұған дейін америкалық дәрігерлер инфекция белгілері  жоғары температура, тыныс алудың нашарлауы, жөтел, иіс пен дәм сезудің жоғалуы, сондай-ақ бұлшықет ауруы, қалтырау мен тамақ ауруы деп атаған.

Британдық дәрігерлер коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың 30%-ы өкпе қабынуы нәтижесінде пайда болатын және өлімге себеп болуы мүмкін тромбоз белгілерін байқайтынын хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусты 10,8 млн-нан астам адам жұқтырған, 519 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы