Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік дәрігерлер COVID-19 анықтау үшін компьютерлік томографияға (КТ) балама тауып, әлемде бірінші болып бұл үшін магниттік-резонанстық томографияны (МРТ) қолдана бастады. Бұл әдіс рентген сәулесінің орнына электромагниттік толқындарды қолдануға байланысты тиімді және қауіпсіз болып шықты, деп хабарлады Baza сайты.
Зерттеуден кейін, Мәскеу денсаулық сақтау департаменті жанындағы диагностика және телемедициналық технологиялар ғылыми-практикалық клиникалық орталығының мамандары МРТ мәліметтері КТ-ге қарағанда нақтырақ екендігін анықтаған.Бұл процесс он минутқа созылады. Магнитті-резонанстық аппараттың көмегімен дәрігерлер коронавирустық инфекциядан туындаған аурудың жаңа симптомын тауып, оны cloudy sky sign ("бұлтты аспан белгісі") деп атады - бұл бұлтты аспанға ұқсас суреттегі дақтар.
Құрылғыны індет жұқтырғандар саны көп, КТ аппараты жетіспейтін дағыстандықтар пайдалана бастаған. Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде тәулік ішінде коронавирусты жұқтырудың 10 817 оқиғасы анықталған.