Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігердің кеңесін үйде отырып алуға болады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Президент кеңесшісі Бағдат Мусин жазды.
Медициналық кеңес беру және бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін біз отандық IT-компанияларға жүгіндік. Рамиль Мухоряпов басқаратын кәсіпорын қосымша бюджет қаражатынсыз Денсаулық сақтау министрлігімен бірге осы мәселені шешуге жәрдемдесетін болды. Бір ай ішінде жарты жылды қажет ететін күрделі интеграция жүргізілді, - деді Бағдат Мусин.
Кеңесші Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму министрлігіне алғыс білдірді.
Қазір адамдардың үйде болуы өте маңызды. Бірақ ол үшін барлық жағдайды жасау керек. Мысалы, қазір тамақ пен азық-түліктерге үйге тапсырыс беруге болады. Мемлекеттік қызметтерді egov арқылы алуға болады. Сондай-ақ, бірінші қажеттіліктегі заттарды алатын интернет дүкендері бар. Біздің міндетіміз - дәрігерлерден кеңес алуды да үйде ұйымдастыру, - деді ол.Мусин атап өткендей, апробация Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы емханаларда өтіп жатыр.
Апробациядан кейін еліміздің барлық аумағы бойынша жүйе кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Idoctor.kz-ке кіріп ЖСН-ді тересіз, емханадан дәрігерді таңдап, сілтемені SMS түрінде күтесіз. Сілтеме арқылы өтіп, дәрігермен онлайн сөйлесіп, ұсыныстар мен кеңес ала аласыз, - деді Бағдат Мусин.Мусин өзінің дәрігермен онлайн кеңес алып отырған суретін жүктеген. Маманнан рұқсат сұрамаған соң, жүзін жасыруға тура келді дейді ол.