Дәрі сатып алуға жергілікті бюджеттен 700 млн теңге бөлдік – Сапарбаев

8 Шілде 2020, 12:12
1823
Бөлісу:
Дәрі сатып алуға жергілікті бюджеттен 700 млн теңге бөлдік – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Тұрғындарды толғандырып жүрген мәселе – дәрі-дәрмек. Өңірде 486 дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін орталық жұмыс істейді. Осыған дейн вирусқа қарсы, антибиотик, парацетамол дәрілері тапшы болып, жетпеді. Қазір олардың орнын басқа дәрілермен алмастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Гипарин, флексар сынды дәрілері жетіспейді. Бұл орайда СҚ "Формация" және Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Өзбекстан, Ресей сынды көрші мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жергілікті бюджеттен 700 млн ақша бөлдік, қосымша тағы 300 млн теңге ақша бөлеміз, - деді ол. 

Сапарбаев осы аптаның аяғында немесе келесі аптаның басында өңірге дәрі-дәрмек жететінін айтты. 

Мемлекеттің тәртібі бойынша, дәрі-дәрмекпен қамту орталықтандырылған. СҚ "Формация" дәріханаларды дәрімен қамтамасыз етеді. Бірақ қазір тек Қазақстанға ғана емес, барлық елге дәрі-дәрмек қажет болғандықтан, Үкіметпен келістік, өзіміз кәсіпкерлер арқылы тікелей көрші мемлекеттерден дәріні аламыз, - деді ол. 
Облыс әкімі дәрі-дәрмектің бағасына қатысты мәселені де қозғады. 
Қазір біз өңір бойынша 43 мониторлық топ құрдық. Оның құрамына полиция, қоғамдық ұйым, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерін қостық. Кей азаматтар осындайдан пайда тапқысы келеді. Ондай азаматтар "Ауыл береке" базарында ұсталды. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр. Талапты орындамаған кәсіпорындардың 200-ден астамын тексеріп, 50-ден астамына тиісті шаралар қолданылды. Оның ішінде жабылғаны бар, 1,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Бұл жұмыстар жалғасын табады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы өңірде маска тақпай, той-томалақ дегендер әлі де болса тоқтайтын емес екенін айтқан еді. Оның салдарынан бір күнде 77 науқас тіркелді. Науқастарды талдайтын болсақ, 305-і зейнеткер, 475 жұмыссыз, 68 жүкті әйел, 100-ден астамы балалар. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 565 дәрігер тапшы екендігін хабарлаған болатынбыз. 
Өзгелердің жаңалығы