Дүниежүзілік банк өкілі қанты бар сусындарға салық салудың маңызын айтты

29 Қаңтар 2020, 11:36
2260
Бөлісу:
Дүниежүзілік банк өкілі қанты бар сусындарға салық салудың маңызын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түрлі елде құрамында қанты бар сусындарға салық салу жүйесі әртүрлі. Бірақ жаһандық деректерге қарасақ мәселені сол сусынның құрамындағы қанттың мөлшері мен сусынның құрамына әкеп соғады. 

Дүниежүзілік банк мамандары екі бағытты да Қазақстан саясаты үшін талдау ретінде алынған. Құрамында қанты бар сусындарды цифрлық тіркеу мен бақылау, сонымен қатар оларға марка тағуды қатаң реттеген кезде Қазақстанның бағыттағы саясаты жетістікке жете алады. Мұндай пікірді Дүниежүзілік банктің Денсаулық сақтау бойынша аға маманы, құрамында қанты бар сусындарға салық салу жөніндегі топтың жетекшісі Кейт Мандевилл айтты.

Құрамында қанты бар сусындарға салық енгізу қоғам денсаулығына және ел экономикасына тиімді. Қазақстанда түрлі схема арқылы салық салуды модельдеу  2022 жылы 182 млрд теңгені (ЖІӨ 0,25%) құрауы мүмкін, сонымен қатар басқа елдер секілді қанты бар сусындарды тұтыну көлемі азаюына оң ықпал етуі ықтимал, - деді Дүниежүзілік банктің денсаулық сақтау бойынша аға маманы Кейт Мандевилл елордада "Құрамында қанты бар сусындарға салық салу" мәселесіне байланысты өтіп жатқан семинар барысында.
Қазір Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік банктің ұйымдастыруымен "Қазақстандағы құрамында қанты бар сусындарға салықтың әсері" деген тақырыпта семинар өтіп жатыр.

Семинар барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова соңғы бес жылда Қазақстанда инфекциялық емес аурулар көрсеткіші артып келе жатқанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы