Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысы Руслан Дəленов ведомствоны бұған дейін басқарған Тимур Сүлейменов жайлы пікірін айтты.
"Əлі белгісіз, бірақ ол (ҰЭМ экс-министрі Тимур Сүлейменов-авт.) əрине жұмыс істейтін болады. Ол жақсы министр болған еді", - деді Үкімет кулуарында Дəленов.
Сондай-ақ, жаңа министр алдағы уақытта коммуналдық қызмет тарифтерін қатаң қадағалауға алатынын айтты.
Атап өтсек, Тимур Сүлейменов Ұлттық экономика министрлігін 2016 жылғы желтоқсаннан бастап басқарған болатын. Ал кеше, 25 ақпанда министр қызметіне Руслан Дəленов кірісті.
Еске сала кетсек, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-министрі етіп тағайындады және үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Ал бүгін жаңа министрлер халық алдында ант берді.