Қазақстанда көктемгі су тасқынына байланысты бірнеше өңірдегі су қоймаларынан су ағызу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 сәуірдегі мәлімет бойынша, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынының шарықтау кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта мына су қоймаларынан су жіберілуде:
- Ақмола облысы: Астаналық су қоймасынан – 230,56 м³/с, Селетинскіден – 151,74 м³/с, Шағлыдан – 15,21 м³/с.
- Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен су қоймасынан – 450 м³/с, Бұқтырмадан – 436 м³/с.
- Абай облысы: Шүлбі су қоймасынан – 740 м³/с.
- Қарағанды облысы: Интумак – 8 м³/с, Самарқанд – 2 м³/с.
- Ұлытау облысы: Кеңгір – 234,8 м³/с.
- Солтүстік Қазақстан облысы: Сергеев – 1186,4 м³/с, Петропавл – 718 м³/с.
Су ағызу жұмыстары елдімекендерді су басудан сақтау үшін жүргізіліп жатыр.