Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейді.
Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты қазір жедел жәрдем қызметіне күніне 5000-ға жуық қоңырау келіп түсуде, - дейді орталықтың бас дәрігері Г. Құрманбекова.
Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.
Орталықтың жай-күймен танысқан министр Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, өз алғысын білдірді.