Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Иран Ислам Республикасы ұйымдастырған экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің төртінші кеңесіне қатысты.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда, COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша және т. б.
Кеңес жұмысына ЭЫҰ-ға мүше 10-нан астам елдің министрі мен өкілі, сондай-ақ ЭЫҰ Бас Бас хатшысы Х.Солейманпур және Еуропалық өңірлік бюроның директоры Х. Клуге қатысты.
А. Цой 2021 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі басымдықтары: санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация, көлік медицинасын дамыту, заманауи клиникалар салу және т. б. туралы хабардар етті.
Сондай-ақ COVID-19 пандемиясы кезінде және қалпына келтіру кезеңінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді. Осы тұрғыда алдағы халықаралық іс-шаралар алаңында Астананың МСАК жөніндегі Декларациясын одан әрі ілгерілету мәселесі өзекті болып табылады, - делінген хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясына жауап ретінде өңірлік ынтымақтастық үшін ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Декларациясы қабылданды. Сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізу, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, ТЖ, оларға дайындық және ден қою саласындағы ынтымақтастық және т. б. сияқты маңызды бағыттарды қамтитын ЭЫҰ өңіріндегі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары қаралды.