Цой айына миллион теңгеден алған дәрігерлер туралы айтты

27 Қараша 2020, 19:06
2049
Бөлісу:
Цой айына миллион теңгеден алған дәрігерлер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында пандемия кезінде коронавирус бойынша жоғары қауіп аймағында жұмыс істейтін дәрігерлер айына орта есеппен бір миллион теңгеден жалақы алатынын жеткізді.

Ол медицина қызметкерлеріне қауіп топтары бойынша 84,6 миллиард теңгеге үстемеақы төленгенін хабарлады. 

Бұл жұмыс тоқтамайды. Яғни, медицина қызметкерлерінің қауіпті жағдайларда, атап айтқанда коронавируспен тікелей байланыста болатын инфекциялық стационарларда жұмыс істегеніне қосымша кепілдік болуы үшін негізгі жалақыға айына 200-ден 850 мың теңгеге дейін қосылады, - деді ол.

Министр аймақ дәрігерлері жалақысы бойынша бірнеше мысал келтірді. 

Мысалы, Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерінің айлық жалақысы 250 мың теңгені құраған. Жақсы жалақы, әрине, соншалықты жоғары емес, бірақ елдегі ең төменгі жалақы да емес. Бұл дәрігер наурыздан қыркүйекке дейін 1,7 миллион теңге және 850 мың теңге үстемеақы алды. Оның жалақысы осы кезеңде 7,7 миллион теңгені құрады. Орташа алғанда, бұл айына 1,1 миллион теңге. Егер осы жұқпалы аурулар стационарының медбикесі туралы айтатын болсақ, оның жалақысы 153 мың теңге болатын. Ол сондай-ақ тәуекел жағдайында жұмыс істегені үшін 850 мың теңге алды, бұл медбике де шамамен, жеті миллион теңге жалақы алды. Мұнда да айына шамамен, бір миллион теңге. Бұл тәуекелді жағдайда жұмыс істегені үшін қосымша ақы екенін түсіну өте маңызды, - деді Цой.

Бұған дейін Цой елімізде оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы